Баянды бақыт, толағай табыс әкелсін!

            Құрметті жерлестер! Ардақты ағайын! Жаңа 2018 жыл табалдырығымыздан аттады. Жаңа жылда біз алдымен жақындарымызбен өзіміз үшін өткен жыл

несімен есте қалғанын ой елегінен өткіземіз, жүріп өткен жолымызды бағамдаймыз, келешекке жоспар жасаймыз.

 

                Өткен жыл - біз үшін ерекше жыл болды. Астанада «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі өтті.

Тәуелсіз Қазақстанға жиырма алты жыл толды. Баршамызға бейбіт өмірді, еркіндік пен ілгерілеушілікті аңсаған ақ ниет, ақ

тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымызға жиырма алты жыл толған торқалы тойды ерекше жағдайда атап өттік.

Уақыт - тіршілік өзегі, тіршілік дегеніміз – тынымсыз өзгерістер. Президентіміз Н.Назарбаев ұсынған ел еңсесін

биіктетуге бағытталған «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру жолында ілгері ұмтылған әрбір жаркенттік өзінің іс-мұраты мен күш-қуатын ірікпей жұмсап келеді.

                Жазиралы Жаркент өңірінің ертеңі бұдан да нұрлы, бұдан да келісті болмақ. Өйткені, ауданды мекендеп отырған

126 мыңнан астам көп ұлтты тұрғындардың өзара татулығы мен келісімі мығым, жарқын да жасампаз істерге деген ниет

қуаныштары зор.

Қадірлі бауырлар!

                Сіздерді Жаңа 2018 жылмен құттықтаймын! Нұрлы болашаққа жетелейтін Жаңа жыл әр шаңыраққа бақыт, дәулет,

береке, бірлік әкелсін! Отбасыларыңыз аман, жүздеріңіз жарқын, көңілдеріңіз шат болсын!