ПАРТИЯНЫҢ «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
- Толығырақ
- Жарияланды 17.10.2024 11:26
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 71
2024-10-17
«AMANAT» партиясы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған акцияны әр бейсенбі сайын ұйымдастырып келеді.
Экологиялық акция арнайы белгіленген жерлерде кезек-кезекпен өтеді. Мәселен, Көксу ауданында өткен тазалық жұмыстарына 70-ке жуық адам қатысты. Партия мүшелері, еріктілер және аудан тұрғындары көшелер мен қоғамдық орындар, өзен жағалауларындағы қоқыс қалдығын тап-тұянақтай жинап шықты.
«Мемлекет басшысының бастамасын қолдау арқылы біз өз денсаулығымызды ғана емес, болашақ ұрпақты тазалыққа, жауапкершілікке үйретіп келеміз. Бүгінгі шара бір реттік емес, жыл соңына дейін жалғасын тауып, экологиялық мәдениетімізді қалыптастыруымызға септігін тигізеді деп есептеймін» - деді Көксу аудандық партия филиалының төрағасы Мәлік Аманбайұлы.
Айта кетейік, аталмыш шара осымен 18 рет ұйымдастырылып отыр.