Егеменді елдің еңсесі биік
- Толығырақ
- Жарияланды 23.10.2024 12:20
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 57
2024-10-23
Бәрімізге ортақ мереке, үлкен де қуанышты оқиға – 25 қазан Қазақстан Республикасы күні. Бұл ел тарихындағы аса маңызды тарихи күн. 1990 жылы 25 қазан күні ҚазКСР жоғарғы кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды.
Бұл декларацияның қабылдануы еліміздің тәуелсіздігін алуға деген 25-қазан үлкен қадамдардың бірі болып есептеледі. 5 жылдан кейін, яғни 1995 жылы 18 қазанда ҚР Президенті Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі – Республика күні болып жарияланды.
Сондықтан, елімізде Республика күні ұлттық мереке болып белгілену жайдан жай емес, ол дегеніміз еліміздің құрылуындағы ең маңызды күн екенінің белгісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Респбулика күніне орай өткен салтанатты жиында қазақстандықтарды ұлтымыздың ең ұлық мерекесімен құттықтап, бұл азаттықтың алтын қазығын қаққан күн екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы өз сөзінде болашаққа сеніммен қарайтын ұлт қана табысқа жете алатынын, елімізде жан-жақты реформаларды жүзеге асырып жатқандығына тоқталды. Бұл – ең алдымен, халқымыздың тұтастығы мен бірлігінің арқасы. Біз таңдаған жол – өркендеу мен даму жолы. Бүгінде оның жемісін барша азаматтарымыз көруде, – деді Мемлекет басшысы.
Айдын ТӨРЕБЕКОВ,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жетісу облысы бойынша Департаментінің бастығы, аға әділет кеңесшісі.