Ел ертеңіне нық қадаммен
- Толығырақ
- Жарияланды 23.10.2024 12:34
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 63
2024-10-23
Қасым-Жомарт Тоқаев республика күніне орай өткізілген салтанатты жиында қазақстандықтарды ұлтымыздың ең ұлық мерекесімен құттықтап, бұл азаттықтың алтын қазығын қаққан күн екенін атап өтті.
Елдің көлік, энергетика және индустрия жүйесі, ауыл шаруашылығының даму қарқыны, сондай-ақ шағын және орта бизнес халықтың экономикадағы белсенді бөлігін жұмыспен қамтып отырғанын тілге тиек етті. Президент елімізде басымдық беріліп отырған әлеуметтік салаларға да тоқталды. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы , «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынып жатыр. Ғылымы және техникасы дамыған елдердің әлем көшін бастап тұрғанын тілге тиек етіп, осы үдерістен қалмау үшін технократ ұлт болуымыз қажет екенін алға тартты.
Келер жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Техникалық және кәсіптік білім беруге баса мән беруімізге тоқталған Мемлекет басшысы осы салаға арналған мемлекеттік тапсырысты едәуір көбейткендігін жеткізді. Грант санын 10 мыңға арттырды. Мемлекеттік тапсырыстың 65 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінді. Елімізде шетелдің беделді жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып жатыр. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев биыл өзінің бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы басталғанын, бұл халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге арналған жалпыұлттық жоба екенін атап өтті.
Біз бірге мақсатымызға жетеміз – баршаға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құрамыз. Байрағымыз көк аспанда асқақ желбіресін! Ұлттың рухы қашанда биік болсын! Әр шаңыраққа бақыт тілейміз.
Ерғали Шоқпаров,
Панфилов аудандық
Мәслихат төрағасы.