«Жырлайды жүрек»

Қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында ұлан-ғайыр мұра қалдырып кеткені баршамызға мәлім. Ақиық ақынның туған күніне орай Тұрпан ауылындағы «Балауса» балабақшасында қара өлеңнің құдіретін танытқан ақын өлеңдерінен бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті.

 

  Байқауға «Мөлдір бұлақ» тобынан Ақатай Инабат, Төрехан Айжұлдыз, Зейнал Ислам, «Балапан» орта тобынан Әлімақын Әлинұр, Айболат Адия, Сұлтанғазы Аслан, Нұрбол Еркеназ, «Ертөстік» тобынан Жанұзақ Айерке, Аян Асанұлы, Оразғали Айзере, «Құлыншақ» ересектер тобынан Дәулеткелді Қазына, Мұратбек Әмина, Берік Ермұхамет белсене қатыстып, өз өнерлерін көрсетті. Байқауда ақынның «Үш бақытым», «Шеше, сен бақыттысың жыламағын», «Атамекен», «Отан туралы», «Соқ жүрек», «Пай, пай, өмір», «Әке аманаты», «Қабағы таудың қатулы» атты танымал өлеңдері оқылды.

                Балабақша қызметкерлері Г.Иманбаева, С.Мазмахун А.Қазыбаева, Э.Қожахановалардың орындауларында «Фаризаға», «Есіңе мені алғайсың», «Қарасазым» әндері орындалды. Байқауға қатысушылардың өнерлерін бағалау үшін мекеме меңгерушісі Айнұр Нұрмұханованың басшылығымен құрылған әділқазылар алқасы мүшелері - психолог Заида Бұтаққызы, тәрбиешілер- Бағлан Алашбаева мен Әлия Оразымбековалардың әділ шешімімен бас жүлдені Қазына Дәулеткелді иеленіп, оның тәрбиешісі Гүлмарал Абдрахман «Алғыс хатпен» марапатталды. I-ші орынды-Әлинұр Әлімақын, II-ші орынды - Адия Айболат, III-ші орынды-Еркеназ Нұрбол иеленді.                 Барлық бүлдіршіндерге жас ерекшеліктеріне қарай естелік сыйлықтар мен «Мақтау қағаздары» салтанатты жағдайда табыс етілді.

                 Мазмұнды өткен шара балабақшаның еңбек ұжымы мен бүлдіршіндердің есінде қалатыны сөзсіз. Алып тұлғалы ақиық ақын М.Мақатаевтың жырларын сүйсіне жаттаған жас ұрпақ өр рухты, асқақ мұратты болып өсері хақ!

                Біз, тәрбиешілер  ұлтымыздың болашағы  - бүлдіршіндердің жан дүниелерінің рухани бай болуына қашанда қолымыздан келгенше аянбай еңбек ететін боламыз.

Әлия ОРАЗЫМБЕКОВА,

«Балауса»  балабақшасының  тәрбиешісі,

Тұрпан ауылы.