Төтенше жағдайға тыңғылықты дайындық керек

   Ақпанның 28-ші жұлдызы  күні  аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардаптарын жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс  отырысы өтіп, оны осы  комиссияның төрағасы, аудан әкімі Темірлан Бектасов ашып,  жүргізіп отырды. Күн тәртібінде: ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті 2018 жылғы 28 ақпан мен 1 наурыз аралығындағы кезеңде Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы аумақтарында тасқынның өтуі, беткейлік және жергілікті ағынның қалыптасуы күтілетіні жөніндегі хабарламасындағы тапсырмасын орындау туралы; Панфилов ауданының азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын тексеру, көктемгі су тасқынына қарсы қорғаныс шараларын ұйымдастыру және өткізу туралы мәселелер қаралды. 

           Азаматтық  қорғаныс,  ішкі  істер және төтенше жағдайлар бөлімінің  басшылары, Жаркент қаласы мен ауылдық округ әкімдері, Қорғас Шекара Маңы Ынтымақтастығы Халықаралық Орталығы мен Алтынкөл стансасы  қызметкерлері, селден  қорғау бөлімшесі мен  «Қазсушар» РМК  басшылары қатысқан жиында аудан әкімі  Т.Бектасов ҚР  Ішкі  істер Министрлігінің  төтенше жағдайлар  комитетінің Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағындағы  күтілетін төтенше жағдайлар жөніндегі хабарламасына байланысты  қолға алынатын алдын-ала дайындық шаралары жайында әңгімелеп, тиісті мекеме  басшыларына  нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар  күн тәртібінде қарастырылған мәселелер бойынша аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою комиссиясы ұсынымдарын білдірді.

            Қаралған  мәселе  бойынша  қолға алынған іс-шаралардың орындалуын  бақылау  аудандық  төтенше   жағдайлар  бөлімінің  басшысы Б.Байбосыновқа   тапсырылды.

(Өз тілшіміз)