Шапағат шуағы

Ақпан айының 23 күні өңірімізге белгілі қоғам қайраткері Ғалым Тұрғанбаевпен қаладағы Луначарский және Жамбыл атындағы орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары және оқытушылары кездесу өткізді.

         Луначарский атындағы орта мектеп-гимназиясында өткен кездесу кеші Ғ.Тұрғанбаев атындағы сыныптың ашылуымен         бастау алды. Мектеп директоры Нүсіпәлі Нұрғалық оқушыларды кездесу кеші  иесінің өмірбаянымен  таныстырып, Ғ.Тұрғанбаевтың 1956 жылы осы мектепті бітіргендігін айтты. Мұнан соң кеш кейіпкері  мектеп  кезіндегі естеліктерімен бөлісті. Осыдан соң қонақтар мектеп ұжымы мен оқушылардың дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады. Мектеп директоры Н.Нұрғалықұлы Ғ.Тұрғанбаевқа естелік сыйлық табыстап, алғысын білдірді.

         Жамбыл атындағы орта мектепте өткен кездесуге мектеп ұжымымен бірге еңбек ардагерлері де қатысты. Шапағат шуағына бөленген  кездесуде мектеп директоры Р. Айсаев  Ғ.Тұрғанбаевтың өмір жолымен қысқаша таныстырды.  Оқушылар Ғалым Тұрғанбаев жөніндегі тақпақтарын жатқа айтты. Арасында ән айтылып, би өнері де көрсетілді.

          Мектептегі кездесуде қала әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі Г. Молчанова, еңбек ардагері А. Марипов сөз алып, мерейтой иесіне  ізгі тілектерін білдірді. Кездесу  соңында Ғ. Тұрғанбаев сөз алып, жас ұрпаққа  үлгі боларлықтай өнегелі сөздерін айтты. Өзінің жазған кітаптарын мектеп кітапханасына сыйға тартты.  Бұл кездесу мектеп оқушыларына беріліп отырған саналы тәрбиенің бірі десек қателеспейміз.

               

Ж.Нұрақынұлы.