Өмірдің – гүлі, өмірдің - нұры

Құрметті   асыл   аналар,   аяулы  арулар!
    8 наурыз – адамның  жанын жадыратып,  көңілін көтеретін  тамаша мереке!  Халықаралық әйелдер мейрамы  көктемнің алғашқы   күндерінде  тойланып жатса, бұл – жаратылысынан  сұлулық сырын, мейрімділік қасиетін бойларына сіңірген нәзік жандыларға деген лайықты құрмет деп білеміз.


         Адамзат жаратылғалы бері әйел жайлы қаншама  ән шырқалып,  жыр жазылды, талай тамаша туындылар дүниеге келді. Алайда әйел әлемі -  таусылмайтын тақырып, адамзатпен бірге  жасайтын өміршең әлем.
         Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  еліміздің қоғамдық өмірінде әйел-аналарға айрықша көңіл бөледі. Мемлекетімізде әйелдердің өз бетінше жан-жақты жетілуіне бар мүмкіншілік тудыруда. Елбасының жыл сайынғы Жолдауы да бұл сөзімізді нақтылай түседі. Онда азаматтардың арман-мүддесі, олардың денсаулығын нығайту, ұлттың интеллектуалдық әлеуетін арттыру, келер ұрпаққа қамқорлық, ана мен баланы қорғау - бірінші кезекке қойылған.
         Соған сәйкес  әйел – аналардың әлеуметтік  мәртебесін көтеруге де назар аударылуда. Елімізде демографиялық ахуалды оңалту жөнінде тұжырымдама қабылданды. Көп балалы аналар мен жас сәбиге берілетін қаржы, жәрдемақысы, басқа да төлемдер көбейтіліп, жылдан жылға еселенуде.
       Осындай іс – шаралар нәтижесінде әйелдер ертеңгі күнге нық сеніммен қарайды. Бұл сенім ортақ болашағымыздың негізін қалау жолындағы үлкен  мақсаттарға жетудің,  жоспарларды жүзеге асырудың берік тұғыры.
     Құрметті аналар мен арулар!
    Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке – бірлік тілеймін!  Тынымсыз тіршіліктің әр сәті  Сіздерге қуаныш пен бақыт сыйласын!
                Мерекелеріңіз   құтты  болсын!

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4127963