Ғасырмен құрдас әже

Көктал ауылының тұрғыны Әмина Илиева 100     жастан  асқан асыл әжелердің бірі. Ғасырдан артық өмір сүріп отырған  аяулы ананың  5 баласы, 13  немересі, 21 шөбересі және  2 шөпшегі бар.  Үлкен қызы 81 жаста, ал үлкен немересі 56 жаста. Бүгінгі таңда  ұлы  Абдукаримнің  қолында.

         8  наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесінде Республикалық  «Нұр Отан»    партиясы  төрағасының   бірінші  орынбасары  Мәулен   Әшімбаевтың  арнайы  құттықтауын «Нұр Отан» партиясы аудандық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Досмаилов, аудан әкімінің орынбасары Роза  Мағрупова  салтанатты  түрде табыс  етті.

                Сондай-ақ бір ғасырдан артық ғұмыр кешіп отырған кейуанаға  ұзақ өмір, зор  денсаулық  тілеп, мәпелеп  бағып отырған   балаларына  ризашылық   білдірді.

Б.Жұмағазы.