Жасыл желек-жанға сая

Елбасы Н.Назарбаев «Жасыл ел» бағдарламасы жайында:  «Бұл жай ғана экологиялық шара емес, терең өмірлік мәні мен маңызы бар дүние. «Жасыл  ел» дегеніміз - Мәңгілік ел. Бұл елімізді жапырағы қурамайтын, тамыры суалмайтын, көрген жан тамсанбай тұра алмайтын Мәңгілік жасыл елге айналдыруымыз керек» деген болатын.

 

                 Елбасы  бастамасымен 2005 жылы құрылған «Жасыл ел» республикалық бағдарламасы биылғы жылы да өз жұмысын жалғастыруда. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру барысында бүгінгі күнде Көктал ауылындағы  «Балдырған» балабақшасы жүйелі түрде  жұмыс жүргізіп келеді. Туған жердің табиғатының көркеюіне, өсіп-өркендеуіне өздерінің сүбелі үлестерін қосып келе жатқан ата-аналар мен балабақша ұжымы бірлесе  көгалдандыруға үлкен үлес қосып, балабақша ауласына қарағай, шырша,  қайың, тал отырғызды. Балабақшамыздың айналасы көгалдандырылып, жасыл желекке айналса, бүлдіршіндеріміздің де шат күлкілері сыңғырлап, денсаулығы мықты болып өсері сөзсіз.

                Иә, әрбір ағаш қандай да бір тіршілік иесінің пайдасына асса, бір құс ұя салып, жемістерін жесе, бір адам көлеңкесін саялап, кәдесіне жаратса, осының өзі үлкен сауапты іс. Жер-Ананы сүйе білу, оны аялау-адамзаттың  азаматтық борышы екенін естен шығармауымыз керек. Жас ұрпаққа білім беріп, оларды еңбексүйгіштікке, патриоттыққа, тазалықа тәрбиелейтін «Жасыл  ел» бағдарламасының  өскелең ұрпақ үшін маңызы зор болып  қалмақ. 

Г.Қойбасова,

«Балдырған»

балабақша  тәрбиешісі,

Көктал  ауылы