Аттандық сапарға жүректе мол арман

      Мамырдың   25-і ауданымыздың  барлық білім ордаларында соңғы қоңырау үні  сыңғырлай соғылып, тағы бір оқу жылы  аяқталды.

        Биылғы жылы ауданымызда 1232 оқушы мектеп бітірсе, олардың 31-і «Алтын белгіден» үміткер. Бірақ бұл алдағы күннің еншісінде.

         Шәкірттіктің соңғы, ал өмір жолының алғашқы баспалдағына қадам басқан  арманшыл жастарға жаңа асулардан сүрінбей өту жолында қанаттарың  талмасын  демекпіз.

Б.Тлеухан.