ҰБТ өтті, нәтижесі қандай?

      Әр жыл сайын мектеп мұғалімдері де, мектеп бітіруші түлектер мен олардың ата-аналары үшін де бас қатыратын бір-ақ  мәселе бар. Ол, әрине, Ұлттық Бірыңғай Тестілеу.  Елімізде мектеп түлектерінің жоғары оқу орнына түсу емтиханы-Ұлттық Бірыңғай Тест (ҰБТ) тапсыруы  20 маусымнан  басталды.

      Биыл ҰБТ 20 маусым мен 1 шілде аралығында 167 пунктте  өтеді.

       Білім және Ғылым министрі Е.Сағадиевтың айтуынша, биыл мектеп бітірген 147 мың 23 түлектің 102 мың 447-сі ҰБТ тапсыруға өтініш берген. Министр бұл рекордтық көрсеткіш екенін айтты. Жалпы ҰБТ-ны түлектер 5 пән – 3 міндетті және 2 салалық пәнінен  тапсырады. Ең басты ерекшелік мектеп бітіруші түлектердің өздерінің қалауы бойынша ағылшын тілінде тапсыру таңдалып отыр.

      Ұлттық   Бірыңғай  Тестілеу біздің ауданымызда 21-23 маусым аралығында өтті. Алтынсарин атындағы орта мектептің базасында орналасқан ҰБТ пунктінде 44 орта мектептен 650 оқушы тест тапсыруға өтініш білдірді. 56 «Алтын белгі» белгі  иелерінің 52-сі тестілеуге кірді.  Оның ішінде 21-і 100 балдан жоғары жинады,   ал 74 үздік аттестат  иелерінің  67-сі тестілеуге кірді.  21-і 100 балдан жоғары жинады.  Аудан   бойынша   орташа  балл – 76,5-ті құрады.

        Ең  жоғары  балл  жинаған Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушысы,  үздік  аттестат  иегері  Алимгалиева Зере Ізбасарқызы – 134 балл.