ТІЛ - БІРЛІКТІҢ БЕЛГІСІ

  Мемлекеттік тіліміз – еліміздің рухани негізі мен ел еркіндігі. Сондай-ақ мемлекетімізді барша әлемге танытатын басты күштердің бірі әрі берегейі. Сондықтан ұлттық руханиятымыздың ұлықталып, арнайы бір күннің тіл мерекесі болып белгіленуі орынды.

 

                Биылғы жылы еліміз Қазақстан халқының тілдері күнін 5 қыркүйекте атап өтті. Атаулы күннің дәл осы уақытқа белгіленуінің де өзіндік себептері бар. Мәселен, бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

                Мерекеге орай, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл – бірліктің белгісі» атты облыстық форум болып өтті. Ғасырлар көшінің елге қалдырған ең ұлы аманаты – тілді қастерлеуге бағытталған шарада мемлекеттік тілдің мәртебесін асыруға үлес қосып жүрген тіл жанашырлары марапатталды.  Солардың қатарында аудандық   мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Көшербаева Толқын Ерболқызы Алматы облысы әкімінің «Құрмет грамотасына» ие болды. Мерейлі марапатыңыз құтты  болғай!