Еңбек - ырыс, байлығың...

Жуырда аудан орталығындағы  Мәдениет  үйінің алдында «Еңбек күні» мерекеленді. Бұл күні ашық аспан астында ауыл шаруашылық дақылдарының  көрмесі, нан өнімдері мен түрлі көкөністерден көрме ұйымдастырылды.

   Сондай-ақ  аудандық жұмыспен қамту орталығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындарының  жәрмеңкесі» болды.

  Бұл  күні  қаладағы  колледждер де өз  көрмелерін көпшілік назарына ұсынды. Белгілі өнер иесі, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Самат Нұрсапаевтың ағаштан жасаған қолөнер көрмесін келушілер қызыға тамашалады. Көрме арасында «Бастау бизнес» жобасының қатысушысы А.Асылбекова да  еңбектегі  жетістіктерін көрсете білді.

  Шара барысында аудан әкімі Темірлан  Бектасов сөз алып «Еңбек күні» мерекесіне қатысушыларды құттықтады. Барша тұрғындарға  денсаулық, береке-бірлік  тіледі. «Грек-рим» күресінен ардагер спортшылар жарысынан әлем чемпионы Нұржан Нұрбековқа, аудандық су құбырының инженері Алдаберген Батбақбаевқа, «Таң сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметкері Серік  Тазабековтерге «Алғыс хат» табыс  етілді.

  «Еңбек  күні»  мерекесіне қатысушыларды Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінен Нұршат Диханбаева, аудандық орталық аурухана қызметкері Салтанат  Бітәнбаевалар    құттықтады.

     Жаркент  гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері түрлі сахналық көріністер көрсетіп, шараның  шырайын  кіргізді.

                                                                                             Ж.Нұрақынұлы.

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4130659