Мүшәйраның марапаты

Осыдан біршама уақыт бұрын қазақ поэзиясының дамуына зор үлес қосқан аса көрнекті ақын С.Иманасовтың жауһар жырларын ұрпаққа өнеге ету, мол мұрасы арқылы жастарды өнерге тәрбиелеу мақсатында республикалық деңгейде жыр байқауы жарияланған болатын.

    Өткен аптада Алакөл ауданының құрылғанына 90 жыл, көрнекті ақын Сәкен Иманасовтың туғанына 80 жыл толуына арналған «Ақтаңгер ақын» атты республикалық жазба ақындар байқауы өз мәресіне жетіп, жыр жүйріктері анықталды. Аталмыш байқауға ауданымыздан да ақындар қатысып қайтқан еді.       Қаламы қарымды жүйріктер қатарында аудандық «Жаркент өңірі» газетінің қызметкері, ақын Құсайын Бейсебайдың есімі барын ерекше атап өткен орынды. Осынау республикалық жыр байқауында топ жарған ақын ағамыз III дәрежелі дипломды иеленіп, қаржылай сыйлықпен марапатталды.

       Мұнымен қоса Қ.Бейсебай қыркүйек айының 25-і күні облыс орталығында өткен Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырған жыр мүшәйрасына да қатысып, жүлделі болды, өлеңдері «Елімнің жыры, көзімнің нұры Астана» атты жетісулық ардагер ақындардың өлеңдері топтастырылған жыр кітабына енді. 

     Мерейлі  марапатыңыз құтты  болсын!

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4124379