Байқаудың жеңімпаздары анықталды

Жуырда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауы бойынша 1 кезеңнің жеңімпаздары анықталды. Мақсаты: үздік         бастауыш  партия ұйымдарын анықтау және олардың озық іс-тәжірибесін аудан аумағында тарату, белсенді бастауыш партия ұйымдарының төрағаларынан партиялық  мамандар (кадрлар) қорын  қалыптастыру болып табылатын бұл байқауға  Панфилов ауданындағы  барлық  бастауыш  партия ұйымдары  белсенділікпен қатысып, бақтарын сынады.

 

               Байқаудың  қорытындысында «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының екінші санаты бойынша бірінші  орынды «Көктал» бастауыш партия ұйымы жеңіп  алды.

                Жүлделі екінші орын «Денсаулық» БПҰ мен Жаскент  БПҰ бұйырды.

        Байқаудың үшінші  санаты  бойынша бірінші орын «Парасат» БПҰ, екінші орын «Алтынкөл» БПҰ, үшінші орын «Әділет» БПҰ-ға берілді.

       «Нұр Отан» партиясы аудандық  филиалы осы «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының  1-ші кезеңінің жеңімпаздарын құттықтайды, әрі олардың алдағы қызметтеріне табыс тілейді.

Қанат  Досмайылов,

«Нұр Отан» партиясы

аудандық филиалы төрағасының 

бірінші орынбасары.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4138630