Қариялар -қазыналар

Жыл сайын қазан айының алғашқы күнінде Халықаралық   «Қарттар  күні»  аталы п өтіледі. Тәуелсіз Қазақстанда да бұл шара өз деңгейінде жүргізілуде. Оның ішінде біздің ауданымызда да «Қарттар күнін» мерекелеу ұмыт қалмай,  түрлі кездесулер мен басқосулар өтіп, қарттарға құрмет  көрсетілді.

   Мәселен,Жаркент қаласындағы А.Розыбакиев атындағы шағын аумақтық  жігіт басы Исраилов Вилорик пен Нүкетай Диханбаевтың ұйымдастыруымен қарттар күні атап өтілді. Бұл күні аталған аумақтағы жетпіс, сексен және тоқсан жастағы қариялар «Томирис» дәмханасында бас қосып, мерекелік  шара  өткізді.

   Мерекелік дастарқанға 30 қария  қатысып, бір-бірімен  қауышты. Көптен көріспеген көршілер әзілдесіп,  көңілдерін көтерді. Ән айтылды, би биленді. Қариялар бір-бірімен сырласып, көңілдерін бір серпілтіп  қайтты.

   Аумақтық  жігіт басы Вилорик Исраилов алдағы уақыттарда болатын  түрлі мерекелік шаралардан қарттарды қалдырмай құрметтейтінін айтып, қариялардың ризашылығына бөленді.

   Нүкетай Диханбаев пен Вилорик Исраилов  бастаған мұндай  ізгілікті шара келешекте де өз жалғасын таба  бермек.

Ж.Бейсебек

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net