Мұғалімдер мерейі тасыған күн

Қазан айының 5-і күні аудандық  Мәдениет үйінде мұғалімдер күні салтанатты түрде аталып өтілді.  Шараға қатысушылар  Мәдениет үйінің кіре берісінде мектептер мен балабақша ұжымдарының шығармашылық, қолөнер  жетістіктерінің  көрмесін    көріп  тамашалады.

 

                Мәдениет  үйінде өткен мерекелік шараға ұстаздар мен ардагер ұстаздар, округ әкімдері және  БАҚ  өкілдері  қатысты.

                Аудан көлемінде білім саласы бойынша орындалып жатқан жұмыстар жөнінде және алдағы уақыттарда атқарылатын іс-шаралар  туралы аудандық білім бөлімінің    басшысы  Т.Қастеев     баяндама жасады.             Баяндамада білім саласында ерен еңбегімен құрметке бөленіп жүрген ұлағатты ұстаздар мен ардагерлердің еңбектеріне  тоқталды.

                Шара барысында Луначарский атындағы орта мектептің «Жас ұландар» тобы  құттықтауларын айтты. Мұғалімдер мерекесіне арналған  салтанатты жиында аудан әкімі Т.Бектасов сөз алып, барша ұстаздарды  кәсіби мерекелерімен  құттықтады.

                Сондай-ақ білім беру саласындағы  елеулі еңбектері үшін озат ұстаздарға  «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттарды» табыс  етті.

 Қазақстан Республикасының  «Мұғалімдер»  күніне  орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаты», Алматы облысы әкімінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаты», Алматы  облысы білім басқармасының  «Құрмет грамотасы» , «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының «Алғыс хаты» және аудан әкімінің «Алғыс хаттары» озат мұғалімдерге табыс етілді. Сондай-ақ жас маман ұстаздарға еңбек кітапшасы берілді.

                Шара барысында аудандық мәслихаттың депутаты Е.Қожақов, қоғамдық денсаулық сақтау  басқармасынан С.Аширова сөз алып, мұғалімдерді кәсіби  мерекелерімен құттықтап  жылы  лебіздерін білдірді.

                Ж.Нұрақынұлы.