Өңір тынысы

Жетісу облысында ведомствоаралық «Бекет» әскери оқу-жаттығуының белсенді кезеңі өтеді

2023-04-04


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың күштік құрылымдарды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою, сондай-ақ ведомствоаралық үйлесімділікті нығайту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында елімізде «Батыл Тойтарыс - 2023» оқу-жаттығуы өтеді.

5 сәуірде Жетісу облысында "Көктал" оқу полигонында "Батыл Тойтарыс" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының бірінші кезеңі шеңберінде ведомствоаралық "Бекет" оқу-жаттығуы және ҚР Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері бөлімшелерімен тактикалық оқу-жаттығудың белсенді кезеңі өтеді.

Оқу-жаттығу барысында Десанттық-шабуылдау әскерлері, ҰҚК Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Ұлттық ұланның бөлімшелерімен бірлесе отырып таулы жағдайларда және елдімекенде ұрыс жүргізу іс-қимылдарын пысықтап, әр түрлі әдіспен десанттауды орындайды.

Қазіргі заманғы әскери қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, түрлі ведомстволық топтарды қолдануды ұйымдастыруда жаңа тәсілдер сынақтан өткізілетін болады.

Оқу-жаттығуға 2500-ден астам әскери қызметші және 900-ге жуық қару мен әскери техника бірлігі, соның ішінде армиялық, әскери-көліктік, майдан авиациясы және ұшқышсыз ұшу апараттары қатысады.


 

Электр желілеріне технологиялық қосу

2023-04-03


 2020 жылғы 23 қыркүйекте № 327 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығымен Электр желілеріне технологиялық қосу қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) бекітті, ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаменті хабарлайды.

Толығырақ: Электр желілеріне технологиялық қосу

Сайлау өз мәресіне жетті.

2023-03-19


13 сағатқа созылған Парламент Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі Мәслихат депутаттарын сайлау өз мәресіне жетті. Яғни Республика бойынша барлық дауыс беру учаскелері жабылды. Мен тұрған №285 сайлау учаскісінде таңғы 7-ден бастап келіп, дауыс берген халық саны аз болмады. Сондай-ақ түске таман отбасымен келіп Мұстапаевтар жанұясы дауыс берсе. Түстен кейін 85 жастағы қарт сайлаушы Қадыров Рустем атамыз дауыс беріп, өз үлесін қосты.
Белсенділік көбіне түске дейін  байқалды. Және біздің учаскіде үйден 38 адам дауыс беретіндер болды. Біздің комиссия мүшелері барлық сақтық шараларын сақтай отырып олардың дауысын алып келді.
Ал дауыс беру процесінің әділ өтуін қадағалаған бақылаушылар бұл учаскіде ешқандай құқық бұзушылық болмады. Сайлау өз мәресіне жетті.

Толығырақ: Сайлау өз мәресіне жетті.

55,32 пайыз

2023-03-19


2023 жылғы 19 наурызда, дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОСК мүшелері дауыс берушілердің келуі туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды.

Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды.

Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру елорда уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда елорда уақытымен сағат 22.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19% бюллетеньдер алды.

Толығырақ: 55,32 пайыз

Комиссия мүшелері бюллетендерді санауға кірісті

2023-03-19


Сонымен таңнан басталған қарбалас аяқталды.  Сөйтіп, комиссия мүшелері бюллетендерді санауға кірісті.

Толығырақ: Комиссия мүшелері бюллетендерді санауға кірісті

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4142604