Қияға құлаш сермеген

Әлемдік деңгейдегі  сарабдал саясаткер, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ұлттық идеологиялық маңызы зор мақаласында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу-шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.

 

Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес,шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі» деп ерекше атап көрсеткеніндей қасиетті Ұлы дала елінің мәдениетін әлемге танытып жүрген Жаркентіміздің нағыз патриоттары халқымыздың мақтанышына айналып отырғаны бәрімізге үлкен мерей.

                Сондай тума таланттың бірі 1992 жылдың 16 маусымында қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Қоңырөлең ауылында текті ата-ананың Жан ұясында дүниеге келген Адамжан Бақтияр Бақытжанұлы болып табылады. Адам баласы сирек таңдайтын, аса күрделі талғампаздықты, өнер мен Жан дүние сұлулығында ғажайып үндестікте болуды талап ететін балет өнерінің жоғары кәсіби

биігіне көтерілген Бақтияр баламыз Астана мемлекеттік опера және балет театрының балет солисі болып абыройлы қызмет атқаруда.

                Аз жылдардың жүзінде дүниежүзілік аса тартысты бәсекелердің барлық бас жүлделерін алып, ерен еңбегі мен жеңісінің шапағатына бөленген, қазақ өнерінің даңқын аспандатқан жас талант иесі Халықаралық балет конкурстарының бірнеше мәрте иегері атанып үлгерген. Атап айтқанда, 2016 жылы Түркияның Стамбул қаласында өткен 7-Халықаралық балет конкурсының, Астана қаласында өткен –Халықаралық балет конкурсының, 2017 жылы қазіргі таңда әлемде теңдесі жоқ 4 жылда бір мәрте Мәскеуде өтетін балет артистерінің Халықаралық байқауының Қазақстандағы тұңғыш алтын медалінің иегері, А.Әшімов өзі табыстаған «Сахнагер» үздік балет әртісі номинациясының иегері, Валентина Козлованың Нью-Иоркте 7 мәрте өткен Халықаралық балет конкурстарының бас жүлделерін түгелімен '37 мәрте тұңғыш рет алған, әлемдік додада дара озған дарабоз.

Бекмұхамет БЕКБОЛАТ.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net