Талаптың мініп тұлпарын

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ұлттық маңызы зор  мақаласында «Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуі тиіс» деп атап көрсеткеніндей, ұлттық коды мықты, таза қанды, ержүрек, пейілі ұлы даласындай дархан қазақ халқы тума табиғи таланттардан жаратылысынан кенде болмаған. Асылдың сынығындай көрінетін Нүркеш Әлібек Қанатұлы солардың бүгінгі заңды жалғасы деп айтуымызға әбден болады.

 

                1993 жылдың 17 сәуірінде қоңыр самалды қазақы ауыл -Қоңырөлеңде ұстаздар жанұясында дүниеге келген Әлібек баламыз орта мектепті, жоғары оқу орнын үздік тәмамдай отырып, қазіргі күні Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжің қаласындағы Цин- хуа Университетінде «Schwarzman Scholars» бағдарламасы бойынша Халықаралық дәрежеде білімін тереңдету үстінде. Көзі ашық, көкірегі ояу жігерлі жігітіміз Халықаралық «Scharsman Scholarship» стипендиясының Қазақстан Республикасы бойынша тұңғыш әрі жалғыз иегері болып табылады.

                Текті, білімді ата-ананың ұрпағы, жүзінен имандылықтың нұры төгілген Әлібек Қанатұлы білім мен шығармашылық жетістіктері үшін Н.Ә.Назарбаев Университеті ректорының мақтау қағазымен, Бүкіләлемдік экономика форумының жас көшбасшыларға арналған «Global Shaper» мүшелігіне қабылданып, республикалық «Chagellenge» бизнес-кейс жобасының күміс жүлдегері атанған тәуелсіз қазақ елінің мәртебесін әлемдік деңгейге көтеретін, мәңгүрттік пен рухани жұтаңдық белең алған кезеңде ұлттық салт-дәстүрмен тәрбиеленген, халқының қамын ойлар ұлтжанды санаулы азаматтарымыздың бірегейі ретінде көтермелеуге болатын талантты жас.

                Нүркеш Әлібек Қанатұлын «100 жаңа есім» ұлттық жобасына енетін талабына нұр жауған жалынды жасымыз, жерлесіміз ретінде мақтан тұтуға боларлық, талаптың тұлпарын мінген, болашағынан халқы

үлкен үміт күттіретін азамат.

Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net