Ой ұшқыр өрен

Әлемдік деңгейдегі  саясаткер, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларыыз ғана болмауы тиіс. Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын» деп атап көрсеткеніндей, қазақ  жастарынан қырандай алғыр, жолбарыстай жүректі жандар қашан да көптеп шыққан. Сондай ойы ұшқыр өреннің бірі 1992 жылдың 2 шілдесінде Жаркент қаласында ұлағатты, текті ата-ананың жанұясында дүниеге келген Қуат Серікбайұлы Көбелеков - жазиралы Жаркент өңірінің мақтанышы деп айтуға тұратын азамат.

 

                Ғылымның атасы саналатын есепке жүйрік азамат Қуат Серікбайұлы баламыз қаламыздағы орта мектепті, жоғары оқу орнын үздік бітіріп туған жеріне оралып жас таланттардың дарынын ашу ісін жемісті жалғастыруда.

                Еңбектегі ерекше  жетістіктері үшін Алматы облысы әкімінің, облыстық «Нұр Отан» партиясының, «Асыл бала» республикалық қауымдастығының «Алғыс хаттарымен», 2010 жылы-математикадан 51-ші Халықаралық олимпиаданың, 2015 жылы-Прагада өткен «Science and innovation-2015» ғылыми конференциясының жеңімпазы атанып, 2016 жылы - студенттер мен жас ғалымдардың ХІ Халықаралық ғылыми конференциясында жүлделі II-орын орын алып ел мерейін асқақтатқан даңқты жерлестеріміздің бірі.

                Қазіргі күні ашылғанына 3 жыл толған әлемге әйгілі «USMAS» ойша есептеу орталығының Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі №73/1 мекенжайда орналасқан «UCMAS Zharkent» алғыр балаларға арналған халықаралық ментальді арифметика академиясының директоры ретінде туған жеріне туын тігіп жүрген нағыз еңбек адамы, «100 жаңа есім» ұлттық жобасын көшбасшыларының қатарында болуға лайықты азамат.

Б.Бекболат.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net