Рухани болмысты көркемсөз шебері

Әлемдік дңгейдегі көреген саясаткер, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы шеңберінде ұлтымыздың мәдениеті мен руханиятын асқақтату, дәріптеу бағытындағы жүргізіліп жатқан бірден – бір үздік «100 жаңа есім» жобасы.

    Жоба мақсаты бүгінгі заман тұлғаларының қоғамға сіңірген ерен еңбегі мен жетістіктерін елге танытып насихаттау.

     Аталмыш жобаға ұсынылған тарландарымыздың бірі Әдепхан Төреханұлы Жақыбаев – киелі Жаркент жерінің ардагер – ұстазы, дарынды ақыны. Поэзия саласында ешкімге ұқсамайтын өзіндік стилі бар, шынайы көркемсөздің асқан шебері. Арқалы ақын өзінің өлең – жырларында ұлттық құндылықтар мен еліміздің әдет

– ғұрып, салт – дәстүрін кеңінен жырлап, елжандылықтың өнегесін ту етіп көрсеткен.Талант сан қырлы, әрине оған талас жоқ, өйткені ол «Талант!». Әдепхан аға ұстаздығымен қоса ақын, жазушы, сазгер. Оған дәлел, халыққа кең таралып, республикалық радиодан шырқалып жүрген «Жаз дидарлы Жаркент», «Тау қызы», «Жайлау әні», т.б. оннан астам
әндері. Міне, шығармашылықтың алуан түрлі қырын меңгерген, өзіндік ерекшелігімен кімді де болса тәнті ететін тума дарын.
Жазушы Әдепхан ағаның тарихи – танымдық, шежіре туралы және этнографиялық кітаптары әр жылдары жарыққа шығып отырды. Рухани шығармашылықтың шырқау шыңы 2007 жылғы Ә. Төреханұлының екі томдық таңдамалы жинақтарының оқырман қауымға жол тартуы еді. Алматы облысының және Панфилов ауданының Құрметті азаматы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Әдепхан Төреханұлы Жақыбаев ағамыз «100 жаңа есім» жобасының көшбастаушысы болуға лайықты бірден – бір тұлға.
Ғұмыр бойы жас ұрпаққа білім мен тәрбие бере отырып, туған жердің тыныс – тіршілігін, тарихын, әсем табиғаты мен ұлтымыздың рухани құндылықтарын шығармашылығына арқау еткен, шұрайлы, көркем тілмен жан бітіріп, ақын ағамызды қалай марапаттасақ та жарасады. Еңбегі мен өмірі жас ұрпаққа үлгі, өнеге болатын дара тұлғаны әрқашан биік тұғырдан көретінімізге кәміл сенеміз!

Қ. Ибрайымжанов,
№ 6 орта мектептің
тарих пәні мұғалімі.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4130524