Балалар жанашыры

Әлемдік деңгейдегі сарабдал саясаткер, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Бүгінгі замандастарымыздың  жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын»

деп атап көрсеткеніндей арамызда кәсіпкерліктің тізгінін  сенімді ұстап жүрген нәзік жанды балалар жанашыры Ләззат Нүсіпқызы Шайғораева қарындасымызды «100 жаңа есім» ұлттық жобасына нағыз лайықты жанның бірі деп есептеуімізге болады.

   1974 жылдың наурыз айының 27-ші жұлдызы күні Пенжім ауылындағы қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген Ләззат Нүсіпқызы бүгінгі күні Алматы қаласындағы кәсіпкерлік субъектісі «Alivemax» компаниясының президенті ретінде мыңдаған адамның жанұясын асырауына жарқын жол ашқан білікті кәсіп иесі. «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу- шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп дана Елбасымыз айтқандай Ләззат Нүсіпқызы туған жері Жаркент қаласында 280 балаға арналған «Алтын ұя» атты заманауи сәулеттік өнердің озық үлгісіндегі балабақша ашып 150 адамды жұмыспен қамтумен бірге, облысымызда «Ботақан», «Бәйтерек» балабақшаларының да нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз етуде.

    Туған жерге туын тіккен нағыз кәсіпкер мұқтаждарға қол ұшын соза білетін атымтай жомарт жан. «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерекелік медалімен бірге көптеген мемлекеттік марапаттауларға ие болған Ләззат Нүсіпқызы «Іскер әйелдер» ұйымының да белсенді мүшесі, абзал ана, ардақты да сүйікті  жар. 

Бекен СЕРІКБАЕВ.

 

 

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4131275