Спорт саңлағы

Е л б а с ы м ы з  Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуі тиіс», деп атап көрсеткеніндей, есімі алтын әріптермен жазылуға тиіс тұлғалардан халқымыз қашанда кенде болмаған. Солардың қатарына даңқты спортшы жерлесіміз Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаевты жатқызуымызға болады. Грек-рим күресінің хас  шеберлері шыққан қасиетті Жаркент өңірінің Үшарал ауылында 1983 жылдың сәуір айының 10-шы жұлдызында қарапайым отбасында дүниеге келген Нұрбақыт баламыз білікті жаттықтырушы Қ.Ағымовтың аса талантты шәкіртінің бірі.

 

Нұрбақыт грек-рим күресінен «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері». Жастар арасында Стамбул қаласында 2003 жылы өткен дүниежүзілік біріншілікте әлем чемпионы, Душанбе қаласында өткен Азия ойындарының

күміс жүлдегері, Алматы қаласында өткен Азия кубогының иегері, 2004 жылы София қаласында өткен халықаралық жарыстың қола, Париж қаласында өткен халықаралық жарыстың күміс жүлдегері атанып, Афина олимпиадасына қатысты.

            2005 жылы Тегеран қаласында өткен әлем кубогының игері, Қытайда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, сол жылы Қазақстан Республикасы кубогының игері атанды. 2006 жылы Азия құрлығы және Қазақстан Республикасы чемпионаттарының чемпионы, Мәскеу қаласында өткен И.Поддубный атындағы Гран-при халықаралық жарысының қола жүлдесін иемденді. 2007 жылы АҚШ-тың Колорадо штаты және Испанияның Мадрид қалаларында өткен халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанып, 2008 жылы Венгрияда өткен халықаралық  жарыстың қола, ХХХI-Бейжің олимпиадасының алтынға бергісіз қола медалін жеңіп алды.

            2008 жылы Елбасымыздың Жарлығымен спорттағы тамаша жетістіктері үшін «Құрмет» орденімен және көптеген мемлекеттік марапаттаулармен марапатталды. Панфилов ауданы мен Талдықорған қаласының «Құрметті азаматы» атанды. Қазіргі күні Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық олимпиада резервтерін дайындау және жоғарғы шеберлікті арттыру спорт мектебінің директоры.Даңқты спорт саңлағы «100 жаңа есім» жобасына әбден лайықты азамат.

Бекмұхамет  БЕКБ ОЛАТ.

 

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net