Спорт саңлағы: Жанар Сапарғалиқызы

Әлемдік деңгейдегі  сарабдал саясаткер, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын» деп атап көрсеткеніндей, Жанар Сапарғалиқызы Қашқын қызымыз ер адамдардың жүрегі дауаламайтын, әлемдік олимпиада ойындарының қатарына енген ауыр да абыройлы спорт түрі-дзюдо және самбо күрестерін қатар меңгерген

талантты жас жерлесіміз.

 

 Алтыүй ауылының тумасы Жанар Сапарғалиқызы қазіргі күні шеберліктің шыңынан көріне білген даңқты спорт саңлағы ғана емес ерекше ептілік пен батылдықты талап ететін спорт сырын кәсіби терең меңгеру үшін Қазақ спорт және туризм академиясында жоғары білім алып жатқан, болашағынан үлкен үміт күттіретін талантты қазақ жастарының бірі.

            Спорт саңлағы дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының жастар арасындағы 9 дүркін, самбо күресінен 2 дүркін және Азия құрлығының чемпионы белестерін бағындыра білді. 2011 жылы Германия мемлекетінің Эрфурт қаласында дзю-до күресінен өткен халықаралық турнирде II-орынды иеленді, Испанияның Малага қаласында 2013 жылы өткен  халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.2013 жылы Қытай Халық Республикасының Нанжинг қаласында өткен Азия ойындарында орынды III-орынды, Грецияда өткен әлем чемпионатында қола медальға қол жеткізді.       

            Германияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанып, 2015 жылы Корея Республикасының Ганжу қаласында өткен әйелдер арасындағы жазғы универсиадада қола медаль, Чехия мемлекетінің астанасы Прага қаласында өткен Еуропа кубогының күміс медалін иеленді. Астана қаласында дзюдо күресінен әйелдер арасында өткен әлем чемпионатына қатысып, ерекше өнер көрсетті.

            Ерен еңбектері мемлекет тарапынан ескеріліп «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағына ие болды. Қазақтың қаһарман қыздары Тұмар ханшайымның, Әлияның, Мәншүктің, Хиуаздың даңқты ерлік дәстүрін бүгінгі күні спорт саласында сенімді жалғастырған Жанар Сапарғалиқызы Қашқын қызымыз ұлттық коды мықты, текті, білімді, қазақ қыздарына тән қаһармандық пен нәзіктік сияқты қастерлі адамзаттық құндылықтар бір бойында керемет үндестік тапқан, «100 жаңа есім» ұлттық жобасына лайықты тұлға ретінде мақтаныш тұтар, тәуелсіз қазақ елінің даңқын аспандатқан нағыз спорт саңлағы.

Бекмұхамет БЕКБ ОЛАТ .

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net