Қаһармандық пен нәзіктіктің үлпетті үлгісі

            Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ұлттық құндылықтарымызды әлемге танытатын тарихи маңызы зор мақаласында: «Бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын» деп атап көрсеткеніндей, арамызда жүрген тума талант иесі Бағдат Бейсенқызы Айтмұқаева «100 жаңа есім» жобасының лайықты кейіпкері деп атауға тұратын жан.

 

Бағдат Бейсенқызы қасиетті Жаркент өңіріндегі Үшарал ауылында 1967 жылы дүниеге келген. Жарты әлемнің тәуелсіздік алуына тоталитарлық, әкімшіл-әміршіл жүйенің құрдымға кетуіне жол ашқан Желтоқсан көтерілісіне белсене қатысқаны үшін жалынды жастық шағында қызыл империя қысымына ұшыраған Бағдат Бейсенқызы қазіргі күні 22 кітабы жарық көрген қарымды қаламгер, білікті басшы.    Бұқаралық ақпарат саласындағы жоғары жетістіктері мен белсенді қоғамдық қызметі үшін көптеген мемлекеттік наградалар мен марапаттауларға ие болған қазақтың талантты  ақын қызының өнегелі өмір мен еңбек жолы оны мемлекетіміз бен даласындай дархан халқымыздың шынайы құрметіне бөледі, даңқын асқақтатты. 30 жылдан астам бірнеше бұқаралық ақпарат құралдарында құрыштай шыңдалған Бағдат Бейсенқызы 20 жылдан бері Панфилов аудандық «Жаркент өңірі» газетінің директор-бас редакторы лауазымында абыройлы еңбек етіп, Елбасымыздың сындарлы ішкі-сыртқы саясатын, ұлттық идеологияны халыққа насихаттау ісінде ерекше еңбек сіңірумен бірге, қоғамның рухани   деңгейін жаңа сапалық деңгейге көтеруге лайықты өзіндік үлесін қосуда.

            Ұлттық салт-дәстүрді қастерлеген текті ата-ананың, ұлағатты ұстаздардың, зиялы әдебиет қайраткерлерінің тәрбие, білімін бойына сіңіре білген ұлтжанды, ұлттық рухы биік, тал бойында қазақ қызына тән табиғи қаһармандық пен жан сұлулығы керемет үйлесім тапқан Б.Айтмұқаева әлемді жүрек көзімен көре білетін сезімталдығымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, жан баурайтын сыршылдығымен, елі үшін отқа түсуге дайын ержүректілігімен, ерен еңбексүйгіштігімен Жаратқан мен еліне бірдей жаққан «100 жаңа  есімнің» нағыз көшбасшыларының қатарында болуға әбден лайықты тұлға.

Бекмұхамет СЕРІК БАЕВ ,

заңгер.

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net