Жастық оты жалында

 

Жазиралы Жаркент жерінде іскерлігінің, білімділігі мен біліктілігінің арқасында елдің мұң-мұқтажын түгендеп, қоғамға пайдасын тигізіп жүрген аруларымыз қазіргі күні де жеткілікті.

   «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп әлемде теңдесі жоқ данышпан ұлы Абай атамыз айтқандай аз ғана ұстаздық жолында ерен еңбегімен, ақыл-парасатымен, білімділігімен және айрықша ұйымдастырушылық қабілетімен танылып танылып үлгерген жалынды жастың бірі Абай атындағы орта мектептің шет тілі пәнінің мұғалімі Ұлдана Қуандыққызы Бегімбекова дер едім.

         1991 жылдың 20 мамыр күні Көктал ауылында дүниеге келген текті, білімді ата-ананың сүйікті перзенті Ұлдана өзі ұстаздық ететін Абай атындағы орта мектептің 1997 жылы табалдырығын аттап, 2005 жылы үздік бітіреді де 2005 жылы Жаркент  гуманитарлық-техникалық колледжіне оқуға түсіп, үздік дипломмен оқуды тәмамдап, «шет тілі пәні мұғалімі» мамандығын алады. Алғашқы еңбек жолын «Дипломмен - ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өзі оқыған қасиетті білім ордасында бастайды. Еңбегі ескеріліп 2011 жылы педагог-ұйымдастырушы қызметіне  тағайындалады.

         Бұдан соң талантты жас ұстаздың қызметтік лауазымы жоғарылап, 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін табысты атқаруда. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, жалынды жас ұстаздың еңбегі ескеріліп 2011 жылы Астана қаласында өткен «Дипломмен ауылға» атты республикалық жастар форумының сертификат игері, 2012 жылы аудандық «Наурыз аруы» байқауының бас жүлде иегері атанып, аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

         Алматы облыстық жастар саясаты орталығының ұйымдастырумен өткен зияткерлік ойындардың бірнеше мәрте жеңімпазы, 2013 жылы- Талдықорған қаласында өткен I-халықаралық олимпиада «Мега-Талант» жобасының «Алғыс хатының» иегері, 2015 жылы- «Умната» блиц-олимпиадасының лауреаты атанып, аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен», республикалық «Білім шыңы-білікті ұстаз еңбегі» жинағына озық ұстаздық тәжірибесі енгізіліп, нәтижесінде «Білім шыңы» төсбелгісімен марапаталды. VII-Дарын республикалық педагогикалық олимпиадасының бас жүлде иегері 2017 жылғы 18 қыркүйекте «Жылдың үздік  мұғалімі» төсбелгісімен марапаталды.

         Ұлдана Қуандыққызы 2016 жылдың наурыз айынан бастап «Нұр Отан»  партиясынан Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына сайланып,елді мекендерде қоғамдық қабылдаулар, жастармен кездесулер өткізіп, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерінің оңды шешілуіне өз ықпалын тигізіп қоғамдық жұмыста да ерекше белсенділік танытуда.

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4128550