«100 жаңа есім» жобасының үміткері

    «100 жаңа есім» жобасы -Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы,       сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.  Президентіміз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихына мән беріп, оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің мультимедиалық алаңын қалыптастыруға шақырды.

                Аталған  жобаның   басты мақсаты - Тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді  көпшілікке таныту болып табылады. Осы  жобаға ауданымыздан  55  жастағы  кәсіпкер  Ақсубаева  Гүлнар  қатысып, бақ  сынамақшы. Ендеше,   жерлесімізге    жеңіс  тілейміз!

 

                2001 жылдан бері мейрамхана, қонақ үй, сауда, сондай-ақ санаторлық-курорттық және сауықтыру саласында қызмет көрсетумен айналысады.

                Панфилов ауданының және Жаркент қаласының қайырымдылық жобаларына белсене қатысады. Жаркент қаласындағы орталық мешіттің құрылысының басты демеушілерінің бірі. Тұрақты негізде мүгедектер үйіне, мүгедек балалар қоғамына және аз қамтылған отбасыларға көмектеседі.

                Қызметінің маңызды нысандарының бірі - «Жаркент-Арасан» шипажайы. Жыл сайын шипажайда мүгедектер, еңбек ардагерлері мен соғыс ардагерлері, аз қамтамасыз етілген елу адам толығымен және ішінара ақылы санаторлық-курорттық ем алады.

    2005 жылы «Қазақстан Республикасының    Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. 2007 жылы  Панфилов ауданының  «Құрметті азаматы» атағын алды.

                2008 жылы «Алматы облысының үздік кәсіпкері» ІІ-ші орын дипломымен марапатталды. «Нұр Отан» партиясының сайлау науқанын өткізуде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен, 2016 жылы «Кұрмет» орденімен марапатталды. 2017 жылы Ұлттық сертификат және «Жыл көшбасшысы» белгісінің иегері атанды.

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net