Жылы жүздесу

  Жуырда Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінде «100 жаңа есім» жобасына ауданымыздан қатысып жатқан Гүлнар Қазбекқызы мен студент жастар арасында кездесу болып өтті.

 

                Гүлнар Қазбекқызы «Құрмет» орденінің иегері, ауданымыздың «Құрметті азаматы» және ауданымыздың дамуына өзінің елеулі үлесін қосып жүрген жандардың бірі. Көптеген қайырымдылық шараларының басты демеушісі болып жүрген кәсіпкер.

                Кездесуді аудандық ішкі   саясат  бөлімінің  бас маманы Г.Мұқатайқызы ашып, жүргізді. Кездесу басында Г.Қазбекқызы студенттерге өзін таныстырып, еңбек жолы мен бизнестегі бүгінгі күнге дейін қол жеткізген жемісті жетістіктері туралы айтып, алған тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ жастарға кез келген істі жүзеге асыру үшін нақты мақсат керектігін және сол мақсатқа жету үшін талмай еңбек етіп, көп ізденіп, бос уақытты тиімді пайдалана білу керектігін өз тәжірибесіне жүгіне отырып баяндады. Кездесу барысында студенттер Г.Қазбекқызына бизнесті бастау мен табысқа жетудің қыр-сыры және тағы басқа да  сұрақтарын қойып, қанағаттанарлықтай    жауаптар алды. 

                Г.Қазбекқызы қатысып жатқан «100 жаңа есім» жобасы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған болатын. Аталған жобаның басты мақсаты  - өз ісінің майталман мамандарын анықтау, табысты, бәсекеге қабілетті болу және Тәуелсіздік алған жылдардан бастап еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан жандарды жастарға үлгі ете отырып насихаттау.

А.ХАМЕТЖАНОВА.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net