Дінге деген түрлі көзқарас, дөңгелек үстелде бір арнаға бірікті

05.04.2019ж

2019 жылы 4 сәуір күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы

Тіл Сарайында облыстың дін өкілдерінің басын қосқан «Сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ қабылдамауды қалыптастырудағы руханилық пен адамгершілік» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Алматы облысында діни бірлестік пен филиалдарын жалпы саны 619-ті құрады. Оның ішінде: ислам мешіті - 453, православ - 52, Рим-Католик - 11, протестанттық - 101 және 2 дәстүрлі емес діни бірлестіктер.

Облыс көлемінде мешіттерде барлығы 556 имам, христиандық және дәстүрлі емес діни бағыттарында 305 діни қызметкер жұмыс істеуде. Осы қызметшілердің 207-сі жоғары білімді, 114 – орта білімді, 436 – арнайы курстардан өтсе, 104 имам медресе бітірген.

Дөңгелек үстелді жүргізіп отырған Департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев өз көзінде: «Бүгінгі шарада сіздердің бастырыңызды қосып жиын өткізудің себебі тек біреу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы иманы берік, мәдениеті мығым қоғам тәрбиелеуге бірлесе ат салысуға шақыру», - деді.

Өз кезегінде Алматы облысының дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов «Сыбайлас жемқорлықсыз өнегелі ұрпақты қалыптастырудағы руханияттың рөлі» тақырыбында баяндама жасады.

«Дін – адамдар дүниетанымы мен эстетикалық талғамын қалыптастыруға, қоғам мүшелерін құрметтеп, айналаға мейіріммен қарауға, бейбіт өмірді қаматасыз етуге, татулық пен тыныштыққа қызмет етіп қана қоймай, адамның жан дүниесін иман нұрымен нұрландырып, көркем мінез бен сабырды серік етуге жетелейтін бірден-бір ілім», дей келе, қоғамның ең басты байлығы – адам болғандықтан, адамға тура жол көрсетіп, ақ пен қараны ажыратуда, жемқорлықты індет, залал ретінде көрсетуде діннің рөлі ерекше екендігіне тоқталды.

Шара барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Талдықорған қалалық «Жетісу» мешітінің бас имамы Ордыбай Мұхаммед, Астана және Алматы Епархиясының Талдықорған қаласындағы Иоанна-Богословский соборының иерейі Матлашов Александр, Талдықорған қаласындағы Әулие Мәрия рим-католик шіркеуінің өкілі Давид Змуд, Евангел-лютеран қауымдастығының жетекшісі Искаков Александр және Алматы облысы бойынша Арнайы мониторингтік тобының мүшесі Файзуллин Баниямин сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.

Дінге деген көзқарас әртүрлі болғанымен, бейбіт өмір, жарқын болашақ, жемқорлықсыз қоғам үшін күресте жиналғандардың ойы бір жерден шықты.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы ретінде алдағы уақытта апта сайын сыбайлас жемқорлықты тұрақты қабылдамауды қалыптастыру бойынша діни рәсімдер, рәсімдер және уағыздау кезінде, рухани мектеп оқытушыларына (медресе, семинарий, т. б.) оқитын тұлғалардың діни тәрбие үрдісі шеңберінде ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу ортақ шешім болып қабылданды.