Қайырымдылық қағидасымен

 13.06.2019ж

Жаркент қаласының тарихы терең, онда көп ұлттың өкілдері мекендеген. Көктем және күз айларында қала тазалығына тұрғындар үлкен мән беріп, қолдарынан келгенше атсалысады. 

Тұрғындардың арасында аға буын өкілдері  жас ұрпақты патриотизмге, инабаттылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу мақсатында түрлі іс-шарлар жүргізіп келеді.

     Жігіт басы болған адам сол аймақтағы тәртіпке, тазалыққа көңіл бөліп тағы басқа қоғамдық істерге белсене араласатын беделді азаматтардан сайланған.

      Жуырда аталған   Розыбакиев  атындағы орамның жігіт басы  Лелорик   Исраилов пен оның көмекшісі   Нүкетай   Диханбаев осы аймақтағы қариялар мен әжелерді және қайырымдылыққа қол үшін беріп жүрген демеушілердің басын қосып ас берді. Онда дүниеден озғандарға құран бағышталды.  Орамда барлығы 48 отбасы тұрады. Олар жігіт басының айтқандарын бұлжытпай орындайды. Түрлі мәдени шараларға да белсене қатысады. Ас беру барысында ардагер  ана  Нұрғайша  Шайдилдинова, М.Әзімбаев, Жетісу орамының жігіт басы Нұрым  Важитов  тағы басқалар сөз алып, шараны ұйымдастырып отырған азаматтарға шынайы ризашылығын білдірді.

Ж.Нұрақынұлы.