Терроризм-қоғамға төнген қауіп

28.06.2019ж

Терроризм - қазіргі дәуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі болып табылады. Терроризм қазір ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда, терроризм әртүрлі мемлекеттер, топтар арасындағы келіспеушілікті шешу үшін қорқыту және қырып-жоюдың құралына айналып отыр.

Террорлық әрекеттер әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрін біріктіретін екі түрлі элемент бар. Бірінші, терроризм мемлекеттік билікті күйретуге бағытталған; екіншісі – терроризмді жүзеге асыру арқылы, яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттері арқылы тұрғындарға үрей, қорқыныш, қорғансыздық сезімін туғызу болып табылады.

     Терроризмнің бірнеше түрлері, халықаралық құқықта белгілі 20-дан астам түрлері бар болғандықтан ғылыми-зерттеулерде оның әлеуметтік-саяси және криминалдық құбылысының дефинициясын айқындау күрделі мәселелердің бірі болып табылады.

    ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабы бойынша терроризм жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру, не ҚР мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің, немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл мақсатқа жасаймын деп қорқыту болып табылады.

    Терроризм  актісі   жасалғанда көптеген адамдар қаза болады. Терроризм актілерінің алдын-алу шараларын күшейту керек. Бұл әрекет арқылы терроризм қаупін азайтуға болады.

    Терроризмнің ең қауіпті түрі – діни терроризм қаупі төніп тұр. Себебі, біздің мемлекетімізде дінге шек қойылмаған, яғни кез-келген адам өзі қай дінге сенгісі келсе соған сенуге құқылы. Қазіргі уақытта көптеген секталар жұмыс істеуде. Олардың нанымдары бойынша тек солардың ғана діндеріне сену керек. Дінге сенбейтіндер күнәқарлар болып та есептеледі де, олар адамдарды дінге сендіру үшін терроризмге жүгінуі мүмкін. Олар басқа діни мекемелерге жарылыс қою, өрт қою және тағы да басқа әрекеттер жасайды, тіпті діни фанаттар өздерін өлімге қиюы мүмкін.

    Діни террорризм қаупін төмендету үшін орта білім беретін мекемелерде дұрыс дінді уағыздайтын кітаптарды оқыту керек, себебі дінді дұрыс білмейтін балалар діни секталарға қосылып кетуі мүмкін. Құқық қорғау органдарында осы діни секталардың және діни мекемелердің қызметін тексеру үшін іс-шараларды күшейту керек. Қауіпті тию үшін ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара күштерін нығайтуды көздейді.

    Терроризммен күрестің қиындығына келсек, ол терроризм жөнінде жалпы бірдей түсінік жоқ, оны  әр мемлекет өз қылмыстық заңы бойынша саралайды.

    Терроризм ол қылмыстың заңда көрсетілген басқа да қылмыстарымен байланысты. Мысалы, самолетті айдап кету, адамдарды кепілге алу, қаруды заңсыз сату, есірткі бизнесімен және тағы да басқаларымен байланысты.

                Діни экстремизм құбылысының Орталық Азия және Қазақстанда орналасқан аймақтарда бой көрсетуі осы елдердің зайырлы дамуы мен бірлігіне, ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отырған мәселенің бірі. Сондықтан бүгінгі күні дін мәселесіне байланысты елімізде ұлттық қауіпсіздікті және мемлекеттік бірегейлікті қамтамасыз етудің басты бағыттары мен құралдарын анықтау қажеттілігі тұр.

                Егер де, сіз немесе сіздің туыстарыңыз деструктивті діни ағымның арбауына түскен болса, діни салаға байланысты сұрақтарыңыз туындаса, облыс бойынша тегін 8-800-080-28-95 сенім телефонына хабарласыңыз.

Алматы облысы

бойынша дін істері басқармасы.