Елімізде экстремизм мен терроризмге қарсы күрес қарқынды жүргізілуде

27.07.2020ж

Қазір әлем елдері үшін індетпен күресу мәселесі бірінші орында. Біздің елімізде де солай. Десек те мемлекетіміз үшін тағы бір негізгі қауіп факторларының бірі – діни экстремизм. Оған себеп, аталған фактор сыртқы билік орталықтары елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру үшін айтарлықтай пайдаланып қала алуында.

 

Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес және оның алдын алу елімізде мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Ол үшін заңнамалық база жетілдіріліп, көптеген мемлекеттік бағдарламалар қабылдануда, осы мәселелерді шешуге уәкілеттік берілген түрлі мемлекеттік және қоғамдық органдар да құрылып жатыр. Олардың жұмыстары да нәтежиесіз емес.

            Терроризмнің басты обьектісі – қоғам қауіпсіздігі. Ал қосымша обьектісі адамдардың өмірі мен денсаулығы. Сондықтанда ол үлкен қылмыс түріне жатады. Терроризмге субъективті жағынан қарағанда ол тек тікелей қасақаналықпен жасалынатын қылмыс түрі. Кінәлі адам заңда көрсетілген әрекеттерді жасау арқылы негізгі зардаптардың болу қаупін туғызғанын немесе соны жасаймын деп қорқытудың қоғамға қауіптілігін сезеді және соны жүзеге асырады. Қылмыстың субъектісі болып 14 жасқа толған, ақыл есі дұрыс адам саналады, ал обьектісі болып қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, реттейтін қоғамдық қатынастар, азаматтардың өмірі, денсаулығы,  меншігі, мүліктік немесе сезім мүдделері жатады. Терроризм мен эктремизм үшін қылмыстық жауаптылық ҚР ҚК-нің арнайы баптарымен көзделініп, қылмыстық жауаптылыққа тарту - заңмен қарастырылғанын ескертеміз.

            Елімізде діни эктремизммен күрес тиімді жүргізіліп келеді. Үкімет салафизм тұжырымдамасына теріс көзқарасын жария етті. Халық үшін бұл бағыттың деструктивті екендігі туралы нақты идеяны қалыптастырды. Ендігі міндет - қазақстан азаматтары ретінде діни эктремизммен күресуге үлес қосу.

 А.ҚУАНТАЙҚЫЗЫ