ИСЛАМ ДІНІНІҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ - ҚҰРБАН АЙТ
- Толығырақ
- Жарияланды 06.08.2020 05:41
- Автор: Super User
- Категория: Иман
- Қаралды: 1323
31.07.2020ж
31 шілде, 2-3 тамыз күллі мұсылман қауым ерекше қастер тұтып, қасиет санайтын Құрбан айт мейрамы. Жыл өткен сайын құрбандық шалушылардың да қатары өсіп келеді. Алла Тағаланың әмірін қалтқысыз орындау пендені жаратушының ризашылығына бөлеп, ақыретте сый-сияпатқа кенелтеді.
Құрбан шалу да Алла-Тағаланың арнайы бұйрығы. Сол себепті бұйрықты шын ықыласпен атқарушы раббысының ризашылығын алып, ақыретте жүзі жарық бо- лады, мол сауапқа кенеледі. Пайғамбарымыз бұл ақиқатты былай түсіндіреді:
«Адам баласы Құрбан айт күні (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Аллаһ тағалаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жер- ге тамбай жатып, Аллаһ- Тағаланың құзыретінде үлкен мақамға жетеді. Сондықтан құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар». Аллаһ Тағала Құран кәрімде құрбанның еті турасында былай дейді: «Құрбанның етін өздерің жеңдер, әрі міскіндер мен ке- дейлерге жегізіңдер». Осыған орай, отбасы иесі құрбандыққа шалынған малдың етін үшке бөлуіне, атап айтқанда, отба- сына, ағайынға және жағдайы төмен отбасыларына беруіне болады.