Ислам үрдістері

07.08.2020ж

Жуырда Жаркент балалар кітапханасының қызметкерлері имандылықтың терең тамыры «Ислам діні» туралы «Ислам үрдістері» атты онлайн-сұхбат өткізді.


Шын мәнінде Ислам дінінің де өзіндік терең тарихы бар. Ол тарих дүниежүзімен әлем тарихымен ұштасып жатады.
Ислам діні - дүниежүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы-Меккеде шықты.
Ислам дінінің негізін қалаушы - Мекке қаласынан шыққан Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбар. Ол 570-632 жылдары өмір сүрген.
Мұхаммед бір ғана құдіретті Алладан басқа құдай жоқ деп пайымдады, ал өзін «құдайдың ішілі-пайғамбарымын» деп айтады. Ол 610 жылдан бастап арабтарды өзара жауласуды қойып, бір дінді қабылдап, ислам дініне енуге уағыздады.
Кітапханада өткен бұл онлайн-сұхбатқа Панфилов ауданының «Құрметті азаматы», ҚР-ның Мәдениет қайраткері, мәдениет саласының майталманы Шәріпхан Тұрғанов қатысып, негізгі тақырыпқа байланысты ислам әлеміне шолу жасады. Діни ағымдар жайлы да әңгіме өрбітті.
Шара соңында Шәріпхан қажы елге деген ақ тілегін батамен жеткізді.