Имандылық

Жұма - мұсылман қауымы үшін ерекше күн. Онда мешіт жамағаттары көптеп жиналып, жұма намазын оқып, аруаққа бағыштап құран айтып, бір жақсарып қалады.Біз де  мешітке бас сұққанда ақ  жаулықты Мәкен апамен кезіктім.Мәкен апаның дінге деген көзқарасы бөлек .Десекте бүгінде қай мешітке барсаң да жастардың қарасы көп.Осылайша адамның басын бір жерге қосып, олардың бәрін ізгілікке, адамгершілікке, өзгеге жақсылық жасауға үндейтін ұлы күш имандылық екені даусыз.    

              

                  Мемлекет басшысы Н.Назарбаев: «Біз тегіміз –түрік, дініміз –ислам екенін ұмытпаумыз қажет.Ол үшін қажетті кітап- Құран Кәрімді насихаттауға тиіспіз –деп бекер айтпаса керек.Қазақстанда 11 миллиондай мұсылман болса, соның ішінде бес уақыт намаз оқитын  және мешіттерге жұма намазға баратындар саны 500 мыңнан асып  жығылады деген ресми емес дерек бар.Демек, еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін халқымыздың сауаттылығы, имандылық деңгейі артты.Мұны  қазіргі салынған екі мыңнан асатын  мешіттер саны да айғақтайды. Ал кеңес заманында Қазақстанда  небәрі 68-ақ мешіт болған еді.

                Қазір ғылым адамның дінді басқару мәселесі әлемдік деңгейде көтеріліп жүрген басты тақырыптардың бірі .Ғылымымыз дін құндылықтарын меңгеру мүмкін  емес  деген  толағай тарих санамызды шегелеп үйретті.

Бағдат  Бейсенқызы.