Теріс ағымға тосқауыл

Экстремизм, терроризм және деструктивті ағымдар мен адасушыларға қарсы күресте олардың алдын алуда ағартушылық, түсіндірме жұмыстарының маңызы зор болып табылады.Дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасына сәйкес жұмыстарды жүйелі әрі тиімді жүргізу мақсатында дәстүрлі ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу және радикалдық идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған аса өзекті мәселелер бойынша 2017 жылы аудандық газетімізде 95, 2018 жылдың екі айында 12 мақала жарық көрді.

 

                 Аудан тұрғындарының діни сауаттылығын көтеру, діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау, конфессияаралық қатынасты дамыту және қалыптастыру мақсатында ауданымызда құрамы 22 адамнан тұратын ақпараттық-түсіндіру тобы құрылып, құрамы мен жұмыс жоспары бекітілген.Қазіргі кездегі ғаламтордың қолжетімділігін, қолайлылығын, интернет-ресурстарын теріс пиғылды ағымдар өздеріне өте тиімді пайдалануға тырысуда. Дінге қызығушылық танытып, сол туралы ақпарат іздеген оң мен солын танымаған, тұйық, білім мен сана-сезім деңгейі төмендеу жастардың ғаламтор ресурстарына жүгінетіндігі белгілі жағдай.

                Қоғамдағы діни тұрғыда орын алатын келеңсіздіктердің алдын алу, жастардың қажетті деңгейдегі діни сауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында «Панфилов ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы әлеуметтік желілер ашылып, FACEВOOK-та 645, ВКОНТАКТЕ-де 42, INSTAGRAM-да 57 діни экстремизм мен терроризмнің адамзатқа, дәстүрлі діндерге, имандылыққа және салт-дәстүрімізге жат құбылыс екендігін жан-жақты ашып көрсеткен мазмұнды материалдар жарияланды. Әлеуметтік желідегі жастар саны 744 адамды құрап отыр. Жат ағымдардың жастарымызға әсер ету деңгейін төмендету мақсатында әлеуметтік желілерге 2017 жылы бөлім арқылы 111 мақала мен 14 бейнероликтер енгізілді. Аталған және өзге де іс-шаралардың бөлім мен аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыстарының жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне игі ықпал еткені сөзсіз. Нәтижесінде ауданымызда діни ахуалдың тұрақтылығы сақталып отыр.

                       Бекмұхамет   СЕРІКБАЕВ,

Қазақстан  Заңгерлер

 Одағының  мүшесі.