Сенім телефоны жұмыс істейді

«Алматы облысы дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Азаматтар мен ұйымдардан діни салаға қатысты барлық мәселелер бойынша ақпарат қабылдауға, сондай-ақ деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге кеңесшілік және психологиялық көмек көрсетуге арналған.

 

                        Хабарласыңыздар, егер:

- Сізді немесе Сіздің жақындарыңызды түсініксіз діни ойларды қабылдауға мәжбүрлеген болса;

- Сізге көшелерде, кіреберістерде, пәтерлерде, көліктерде күдікті діни кітаптардың, журналдардың, кітапшалардың, парақшалардың таратылуы туралы белгілі болса;

- Сізбен немесе Сіздің жақындарыңызбен діни тақырыпта күдікті үгіт жүргізгісі келсе;

- Сізге немесе Сіздің жақындарыңызға діни жоралар мен іс-шараларға қатысуды ұсынған болса;

- Сізді діни бағыттағы күдікті жиындар мазалаған болса;

- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз күдікті адамдардың не діни бағыттағы ұйымдардың ықпалына түскен болса;

- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз діни мәселелерге байланысты қиын жағдайларға ұшыраған болса;

- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз дін саласындағы мамандардың кеңесі мен көмегін қажет ететін болса. Сенім телефоны: 8-800-080-28-95.   Біз Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап береміз және көмек   көрсетеміз! Мекен жайы: Талдықорған қаласы,  Қаратал ықшам ауданы, І.Жансүгіров көшесі №13«а» үй,  3  қабат  Сіздер үшін заңгер, дінтанушы,  психолог   жұмыс істейді . Жұмыс  уақыты:  сағат  08.00 – 20.00-ге дейін.