Жалған терроризм жарға жығады

     Жалған терроризм қоғамдық жаңғыру, жағдайды тұрақсыздандыру сияқты жағымсыз салдарымен қауіпті, себебі мұндай хабарламаларды тексеру адамдарды жаппай көшіру, оқу және өндіріс процестерін тоқтата тұру қажеттігін туғызады.            Жарылғыш заттың орнатылғаны туралы әрбір факті бойынша құқық қорғау органдары және арнайы қызметтер ықпал ету тәртібінде келуге және іздеу шараларын жүргізуге міндетті. Бұл ретте мемлекеттің елеулі материалдық қаражаты жұмсалады.

 

                Жастар мен кәмелетке толмағандарда жалған терроризмге себептер негізінен «бұзақылық» жасау ниеті, өзін қоғамға қарама-қарсы қою, құрдастары арасындағы озаттық туралы алдамшы ойын көрсету болып табылады, бұл ретте салдары мен жазаның бұлтартпастығы туралы ойланбайды. Заң  бойынша:  273-бап. Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау – алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

                274-бап. Көрінеу жалған ақпарат тарату

                1. Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату –    бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

                2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

3) бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет – бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

       3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіруге немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер – жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

                4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:

      1) қылмыстық топ жасаған;

      2) төтенше жағдай кезінде немесе ұрыс жағдайында немесе соғыс уақытында не жария іс-шаралар өткізу кезінде жасалған іс-әрекеттер –                бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

                Көбінесе «телефон террористері» балалар мен жасөспірімдер болады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін кінәліні анықтау және оны ұстау – ар-намыс ісі, себебі терроризм актісі туралы кез келген хабарлама бойынша көрсетілген жерге тез арада кинолог-мамандар, жарылыс техникасы мамандары, тергеу-шұғыл топтары келеді. Міндетті түрде «жарылыс заты орнатылған» ғимараттағы адамдар толық көшіріледі.  Тәртіп сақшылары ұқсас хабарламаның  кез келгенін тексеру кезінде жарылғыш затын табуға тырысып, жайдың әрбір жерін тексеріп зор жұмыс атқарады. 

                Алайда, «террорист болып ойнамас» бұрын, алдымен нақты шығындар мен зиянға әкеп соғуы мүмкін көрінеу жалған хабарлама кімге «пайдалы» болатындығы  жайлы ойлану қажет. Егер кімде кім осылай «әзілдеуге» тартса, телефонды алмас бұрын ойланыңыз. Өйткені террорлық акт туралы жеке хабарламаларға адами фактор істеп, нақты оқиға туралы дабылға ықпал баяу болуы мүмкін.

                Әрқашан көрінеу жалған ақпаратты тексеруге шығып, тәртіп сақшылары қажет уақытында адамдардың қасында болмауы мүмкін. Осындай кінәсіз әзіл, «телефон террористі» үшін соттылыққа айналып, біреудің өмірін алуы мүмкін.

  

 «Алматы  облысының

 дін істері басқармасы» ММ;

«Дін саласындағы

мәселелерді зерттеу

 орталығы» КММ.