«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ»: ТАРИХҚА ДЕГЕН ЖАҢАША КӨЗҚАРАС

Еліміздің төл тарихын нақты түрде саралап, анық әрі түсінікті тілмен жеткізіп берген Елбасымыздың бағдарламалық бұл мақаласын оқығанда қатты қуандым. Өйткені ұлан далада ерлігімен, көрегенділігімен көзге түскен талай бабаларымыз ешқашан ешкімге кеудесін бастырмаған.

 

Бұл  мақалада анық айтылып, Тұңғыш Президентіміз қазақ елінің батырлығын, тамыры тереңде жатқан тарихын барша әлемге паш етіп, көрсетіп берді.

     Баршамызға белгілі жас ұрпақ санасында тарихи және рухани сана қалыптаспаса ол мемлекеттің болашағы жарқын болатындығы күмәнді. Ал тарихи және рухани сананың қалыптасуы   қашанда  ұлттық   болмыстан.  Дәл осы мәселені өз мақаласының арқауы еткен Елбасымыздың осындай көрегенділігі арқылы бастау алған игі бастаманы қолдап, тарихымыздың жандануына барынша атсалысу - жүрегі қазақ деп  соққан әрқайсысымыздың басты міндетіміз деп білемін.

    Елбасымыздың осыдан бір жарым жыл бұрын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының жалғасы болған бұл мақала өркениет көшіне рухани, әрі тарихи біліміміз дамыған түрде көшуді қамтамасыз ете отырып, оның жандануына мүмкіндік тигізеді. «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін»,-деп  Мемлекет басшысы халыққа зор сенім білдіріп отыр. Ендеше, еліміздің табысты болуына баршамыз  бірге   атсалысуымыз  керек.

Серік   Жұмаділов,

Панфилов  ауданының «Құрметті

 азаматы», аудандық

қоғамдық келісім  кеңесінің  төрағасы .

Күнтізбе

« Шілде 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net