Жаңа дәуірдің келелі міндеттері

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы 2017 жылы сәуір айында жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жалғасы ретінде қазақ халқының тұнып тұрған шежіресін әлемдік деңгейге көтеріп сабақтастыруда.

     Қазақ халқында арыда оғыздар, ғұндар болса, Алтын Орда мен қазақ хандығының тұсында да сол дәуірдің идеологиясы салт-дәстүрімізге, әдет-ғұрпымыз бен бай мәдениетімізге баса назар аударған.    

    Бүгінде тәуелсіз ел атанып, ата-бабаларымыздың мол мұрасын қайта сараптап, өзімізді жаңа қырымыздан жаңғыртуға күш салудамыз. Әр дәуірдің, ұрпақтың алдында тұрған келелі міндеттері  ұлтпен жасасып, жаңғыратыны анық. 

   Бүгінгі жаңғыру жай ғана жаңғыру емес, басқа елде жоқ әлемдік деңгейде қордаланған бай мұрамызды қайта жандандыру, ата-бабаларымыздың бізге аманаттаған қазақ  халқының Ұлы даласындағы тұнып тұрған мол мұрасын жалғастырып, қайта қарап, кемшіл тұстарын толықтырып, оны дамыту болып тұр. Өйткені біздің осығанға дейін төл тарихымызды толық меңгере алмағанымыз жасырын емес. Оған парасатты ақылымызбен, мол тәжірибемізбен өзімізді жаңа қырымыздан  көрсетуіміз қажет.

    Елбасы мақалада тек қазақ жерінің тарихында орын алған маңызды оқиғаларға ғана тоқталмай, болашақта жүзеге асырылуы тиіс нақты бағыттарды алға қойды. Осы бағыттарды іске асыруға мемлекеттік органдармен бірге болашақты ойлайтын ойы сергек азаматтар, үкіметтік емес ұйымдар және қоғам белсенділері де біркісідей атсалыссақ нұр үстіне нұр болар еді.

М.Илипов,

 аудандық ішкі саясат

бөлімінің  басшысы.

Күнтізбе

« Ақпан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

booked.net