Үздік ұстаздар анықталды

08.02.2019ж.

Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес, шығармашылық топтың ұйымдастыруымен 2019 жылдың 2 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында   «Жыл мұғалімі-2019»  байқауы өткізілді.

     Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздарымыз байқау барысында өз шығармашылықтарымен жан-жақты сынға түсіп, жаңа идеяларымен бөлісті.

     Жеңіс–біреу, жеңіліс көп болғанмен, шығады «жүзден жүйрік, мыңнан-тұлпар» деп сайыстың қорытындысы бойынша «Жыл мұғалімі-2019»  байқауының бас жүлдесіне ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Р.Заиров, 1 орынға көркем еңбек пәнінің мұғалімі М.Әбілғазиев, 2 орынға тарих пәні мұғалімі Б.Курбанова,    3 орынға бастауыш сынып мұғалімі М.Чинибаева мен география пәні мұғалімі С.Хозметова ие болды.   Сондай-ақ байқауға қатысушы ұстаздар «Шығармашыл мұғалім», «Зерттеуші мұғалім», «Жаңашыл мұғалім», «Шебер мұғалім» номинацияларын иеленді. Барлық қатысқан мұғалімдерді кәсіподақ ұйымы Құрмет грамотасы және бағалы сыйлықтармен марапаттады. 

                                Лаура  Жұмалова,

Еңбекші орта мектебінің  қазақ  тілі мен 

әдебиеті пәнінің мұғалімі.

           

Күнтізбе

« Шілде 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net