Өлкеміздің тарихы зерделенеді

 08.02.2019ж

Қаңтар айының 5-і күні  «Жаркент мешіті»  сәулет-көркем  өнер мұражайында өлкетанушылар тобының алғашқы басқосуы болып өтті.

      Мұражай  директоры Әбдімұрат Раевтың ұйымдастыруымен өткен бұл басқосуға ақын, жазушы әрі сазгер Б. Жақыбаев, ақын И. Үркімбайұлы, тарихшы Қ. Ыбраймжанов, журналистер М.Нұрсейіт, Н.Бегімбет, Ж.Бейсебек қатысып, өз ойларымен бөлісті.

      Алдағы уақытта өлкетану тобының қатары көбейіп, толыға түспек. Олардың ішінде өңірімізге белгілі жазушы, ақын   әрі  этнограф Әдепхан Төреханұлы, тарихшылар Баймолда Ахметов пен Молот Солтанаев, қылқалам шебері Ақан Оймауытов, журналист Құсайын  Бейсебай   тағы  басқалары болмақ.

      Өлкетанушылар тобы алдағы уақыттарда өңіріміздегі тарихи деректер мен құнды экспонаттар жөнінде арнайы бөлім ашуды жоспарлап отыр.

(Өз  тілшіміз).

 

Күнтізбе

« Сәуір 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net