Жан жылуы - жақсыдан

01.03.2019ж

Әлемдік деңгейдегі сарабдал саясаткер, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ұлттық маңызы зор мақаласында «Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек» деп атап көрсеткеніндей кез келген қоғамның өркениеттілігі оның азаматтарының мәдени даму деңгейімен де өлшенетіні рас.

 

          Сондықтан ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени, әдеби мұраларымыз бен ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, оны әлемдік озық мәдениет жетістіктерімен толықтыра түссек жаһандануға жұтылып кетпей ұлы Тоныкөк бабамыз армандаған «Мәңгілік елге» айналарымыз шындық..

                «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі 320 қызмет алушыларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, яғни 7 бағыт бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін кешенді түрде көрсететін Алматы облысындағы ерекше сипаттағы ірі әлеуметтік мекеме болып табылады.

                Өмір сүруге қолайлы, үй жағдайына жақындатылған, дискриминацияның барлық түрінен, физикалық және психикалық зорлық-зомбылықтан, балағаттау, дөрекі қарым-қатынастан қорғау, әр қызмет алушының жеке өзіндік қажеттіліктерін ескере отырып тұлғалық деңгейінің өсуіне, әлеуметтік тұрғыда қоғамға бейімделіп енуіне бағытталған мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін «Мейірімдегі» мейірімді де қамқор жандар ерекше имандылық, адамгершілік қасиеттерді таныта отырып мекеменің қамқорлығындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты әрі сапалы қызмет көрсетуді өздерінің қызметтік әрі азаматтық міндеті санайтыны сондықтан болар.

                 Тағдыр жолы сан түрлі жандар әлеуметтік қызметтің барлық түрлерін алатын мекемеде мемлекеттік мерекелер мен түрлі мәдени-спорттық шараларды жоғары деңгейде өткізуге әрқашан ерекше көңіл бөлінуі заңдылық ретінде қалыптасқан бұлжымас қағида десек болады.

                Алматы облысында және республикалық деңгейде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері арасында өтетін «Екі жұлдыз» өнер байқауына дайындық әрі қатысушыларды іріктеу мақсатында «Мейірім» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы қызмет алушылар мен қызметкерлерінің жұптасып өнер көрсетуімен өткен өнер байқауы мерекелік сән-салтанатты жағдайда безендірілген орында өтіп, көпшілікке ерекше қуаныш сыйлады десек болады.

                Әр өнер жұбын көркем сөзбен және сырлы жырмен өрнектеген шараны жүргізуші әлеуметтік қызметкер Назым Балабекованың және сазбен сүйемелдеуші мәдениет қызметкерлерінің сонымен бірге мерекелік киіммен сахнаға шыққан өнерлі жұптардың талантына көпшілік дуылдата қол соғып, қошамет көрсетіп отырды. Атап айтқанда, В.Кожемякин-Ш.Тұрсынғалиқызы «Две здезды», Р.Касымов- Л.Болатбайқызы «Ана туралы жыр», Л.Лапина-А.Серікқызы «Позови меня с собой», А.Әкебасова-К.Әкімбекқызы «Әриайдай»,С.Сыздықова-Қ.Әмірғазыұлы «Лаванда»,Е.Нұрғалиев-  М.Ерғалиқызы «Ақ жайнақ», Е.Жукова-М.Жасболатқызы «Назову планету именем твоим», Т.Тыныс-Э.Абдолдақызы «Жанымда бол», В.Иванова-А.Ермекқызы «Весна» әндерін жұп болып тамылжыта орындап, кең залды әсем әуенге, ал көрермендердің көңілін ерекше қуанышқа бөледі. Айтулы өнер байқауы барлық жұлдызды жұптар бірлесіп орындаған «Екі жұлдыз» әнін әуелете орындаумен аяқталды.

                Өнер десе ішкен асын жерге қоятын мекеменің білікті басшысы Амантай Раев өнерпаздардың көрермендерге мол да тағылымды рухани азық сыйлағанын, қызмет алушыларды моральдық тұрғыда көтермелейтін осындай игі шаралардың мекемеде өткізілуі игі дәстүрге айналғанын айта келіп, өнерпаздарға зор денсаулық, ұзақ өмір және шығармашылық жетістіктер тілеп, барлық өнер көрсеткен қызмет алушыларға салтанатты жағдайда естелік сыйлықтарын табыс ете отырып  естелік суретке түсірді.         

                Директордың әлеуметтік жұмыстар бойынша орынбасары Бисара Даулетбахиева өнер көрсеткен жұптардың алдағы облыстық және республикалық байқаулардағы өнер сайыстарында жеңімпаз атанып, мерейлерінің үстем болуын және адамға тән бар жақсылықтың шапағатына бөленулеріне ақжолтай сәттілік тіледі.

Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ,

Қазақстанның Заңгерлер және

Журналистер Одағының мүшесі.

Күнтізбе

« Қыркүйек 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net