«Біз - болашақ жастары» эссе байқауының ережесі

05.04.2019ж

1.ҰйымдастырушыларАлматы облысының дін істері басқармасы жанындағы «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 2.Эссенің  мақсаты:

ҚР  Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары  аясында жастар жылына орай жастардың рухани-адамгершілік және патриоттық сезімдерін ояту. Болашақ жас ұрпақты көркем мінезде өнегелі, өнерлі тәрбиеге баулу, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Зияткерлік мүмкіндіктерді дамытуға өз септігін тигізетін  ақпараттық-білім беру және тәрбие беру ортасын қалыптастыру.

3. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар-       

«Біз болашақ жастары» атты эссе байқауына  облыс аймағындағы орта білім  беру оқу орындарының 9-10 сынып оқушылары қатыса алады.

    - Жұмыс Word беттерінде жазылып, Times New Roman 14 қарпімен теріліп, біркелкі интервалға түсірілуі тиіс. Мәтін бетке түсірілгеннен кейін сол жағынан3 см, оң жағынан, жоғарыдан, төменнен 1,5 см-дан қалдырылуы қажет. Сондай-ақ, мәтін 2 беттен аспау керек.

4.Эссені бағалау барысында келесі жайттарға    ерекше  көңіл   аударылады:

   -мәтіннің берілген тақырыпқа сай болуы;

    -мәтінде аталған қандай да бір фактілердің дұрыстығы;

    -авторлық көзқарас, шыншылдық, айтылған ойдың эмоционалдығы, безендіру шеберлігі, қызық идеялар мен жарқын бейнелердің болуы;

   - мәтінді құру тәртібі (стилдік бірлік, сөз көркемдігі мен сөз қорының молдығы және т.б.)

 5.Байқау   уақыты:

   - Байқауға қатысушылар өтінімі 2019 жылдың 15 сәуіріне  дейін жалғасады.(Байқаудың  салтанатты қорытындысы, өтетін уақыты қосымша хабарланады);

- 2019 жылдың 15 сәуір күні сағат 18:00-ден кейін келіп түскен шығармашылық жұмыстар қабылданбайды.

  6. Байқау жеңімпаздарын марапаттау   

    Байқау жеңімпазына бағалы сыйлықтар мен аты жазылған дипломдар, алғыс хаттар немесе қатысқаны үшін алғыс білдіретін хаттар табысталады.

   Сонымен қатар, байқауға ұсынылған шығармалар «Дін мәселелерін зерттеу орталығының»  ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларда  жарияланады.

 7.Эссеге  ұсынылатын  материалдар  мына  мекен-жайға    жолдануы  тиіс:

   Алматы облысы дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі 13 «А».

       Байланыс телефоны: 8(7282) 40-13-39, 8-771-470-60-71                              -mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

8. Қатысушының  тіркелу  формасы

Аты-жөні:  

Аудан, қала (ауыл) атауы           

Оқу орны, сыныбы     

Байланыс телефоны:

Күнтізбе

« Қыркүйек 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net