Ұлы дала ұлағаты

01.05.2019ж

Еліміздің Тұңғыш президенті  Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде «Ұлы даланың  жеті қыры» атты мақаласы аясында  ұлттық кодымызды негізге ала отырып, тарихымызды  жаңғыртып өркениетке  нық қадам басуға бағытталғандығын негізге ала отырып,мектебімізде тәрбиелік маңызы бар іс-шара болып өтті. 

       Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің кітапханашылары Ж.Ерғалиқызы мен А.Балабекқызының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың  жеті қыры: жастар көзімен» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.

     Шара мақсаты: өскелең ұрпақты өз Отаны мен туған елі, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, Қазақстанның өткені мен бүгінгі жүріп өткен  жолдарын салыстырып, ұлттық санамызды жаңғырту  және  отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

     Тәуелсіз еліміздің Әнұранымен ашылған іс – шараға мектеп басшылығымен қатар, қала әкімшілігінен М.Бақбергенқызы, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері мен  оқырмандар қатысты.

     Жастар жылына орай өткізілген кеште мектебіміздің жас мамандары, мектеп президенті өз сөздерін ортаға салды. Сондай-ақ әнші, биші жастарымыз да өз өнерлерін көрсетті.

     «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей тұңғыш Елбасы мақаласының әр бөлімі – ұлтымыздың  қазіргі тілмен айтсақ нағыз брендтері.Болашақта біртұтас ұлт болып қалу үшін,осынау бастамаға атсалысу – қазіргі уақыттағы  әрқайсымыздың  басты   міндетіміз  екендігі айтылып өтті.  

                  Мөлдір  Кощегулова,     

                                                      қазақ  тілі мен

әдебиеті

пәнінің  мұғалімі.

Күнтізбе

« Қазан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

booked.net

  • Материалды қарау саны : 638036