Өркенді өңірдің өрнектері

01.05.2019ж

Жуырда аудандық кітапхананың оқу залында өңірімізге белгілі журналист Мырзағали Нұрсейіттің таяуда жарық көрген «Өркенді өңір» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Шара барысында «Жетісу» газетінде көп жылдан бері меншікті тілші болып қызмет атқарған М.Нұрсейіттің өмірбаяны таныстырылып, еңбектегі жетістіктері мен шығармашылығы жөнінде баяндалды.

    Бүгінгі таңда алпыстың асқарына шыққан журналист әрі жазушы Мырзағали Манапұлының ақындық өнері де бар екені мәлім болды. Тұсаукесерде Мырзағалидің сегіз қырлы бір сырлы, адамгершілігі мол, кішіпейіл азамат екендігі баяндалды. Алматы облысының әкімі А.Баталовтың қолдауымен жарық көрген «Өркенді өңір» атты кітабынан бұрын да бірнеше кітап жазып оқырмандардың назарын өзіне аударған болатын. «Дала академигі» атанған Н.Головацкий туралы жазған кітабы да көпшіліктің көңіліне жылы жол таба білді.
      Шара барысында өңірімізге белгілі ақын И.Үркімбайұлы, аудандық кітапхана меңгерушісі Д.Сұлтанбекова, аудан әкімі баспасөз орталығынан Н.Ханағат тағы басқалары сөз алып, М.Нұрсейітовтің шығармашылығына жоғары баға берді. Сондай-ақ М.Нұрсейітке арнап жазылған замандастарының жыр жолдары оқылды. Әсіресе ақын әрі жазушы, этнограф Ә.Төреханұлы мен ақын И.Үркімбайұлының арнайы жазған жыр жолдарының әсері мол болды.
       «Өркенді өңір» атты кітаптың тұсаукесерінде ауданымыздағы белгілі әншілер «Жаркент әуендері» ансамблінің белді мүшелері Бақытгүл Нұрахметова мен Ерік Нүсіпбековтер ән айтып, шараның шырайын асқақтатты.
Кітаптың тұсаукесері соңында авторға ескерткіш сыйлық табыс етіліп, оқырмандар шынайы алғыстарын білдірді.
Ж.Нұрақынұлы.

Күнтізбе

« Тамыз 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

booked.net