Шипажай ұжымына алғыс

06.05.2019ж

Жақында сәті түсіп, «Жаркент-Арасан» шипажайында дем алғаным бар. Шипажай қызметкерлері жылы жүзбен қарсы алды. Мұндағы емдік су көзін 1952 жылы геологиялық барлау экспедициясы тапқан екен.

1963 жылы аудан басшысы Сапиевтің ұйғарымымен демалыс орны болып ашылған. Алғашқы жылдары жергілікті тұрғындар ғана емделсе кейін жұрт Қазақстанның түкпір-түкпірінен келетін болған.
Мұндағы негізгі емнің түрі – жер астынан шығатын родон ыстық суы мен шипалы батпағы. Ол аяқ-қолдың сырқырауына (полиартрит) остехондроз, тыныс алу, қолқа, жүрек, асқазан ауруларына, семіздіктен арылуға таптырмас шипа көрінеді. Шипажайда бір маусымда 280 адам, ал жаз кезінде 300-ден аса адам тынығады.
Шипажай директоры Әшірбеков Санат Сағынбекұлының айтуына қарағанда ұжымның бар мақсаты – емделушілер мен дем алушыларға барынша жағдай жасау. Қосымша ем-домдар, уақытты көңілді де пайдалы өткізуге қажетті мүмкіндіктер бәрі қарастырылған. Бұл іске бас дәрігер Ыдырысов Карл Кәкімжанұлының өзі үнемі бас-көз. Әйдік медбике әрі аспазшылардың басшысы Сақатай Шалтабайқызы, даяшылар Арайлым Туғанбаева мен Айдана Бақанова, техникалық қызметкерлер Жаңыл Қожахметова мен Сәтігүл Ілімжанова, кез келген мәселені шешуге дайын тұратын менеджерлер Ренат Калиев пен Әсем Алмабекова жұртшылық алғысына бөленген. Келушілердің бәрінің оларға алғыстары үлкен.
Жеңіс күні қарсаңында осы ұжымды мерекесімен құттықтап, игі мақсаттар биігінен көріне берсін деп тілек білдіреміз.
Айбол БИТУҒАНОВ,
журналист-ұстаз.
Талғар ауданы.

Күнтізбе

« Шілде 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net