Қырмызы қызғалдақтарға қызығамын

17.05.2019ж

«Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми  тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл  өсімдіктер  осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған».   («Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан).

 

    Жерұйығы Жетісудың құнарлы топырағына түйінін  тастап, кеңістік  кең далаға көрік беріп келе жатқан қызғалдақ гүлін  мен ерекше қастерлеймін. Сол Жетісудың оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан  жазиралы Жаркент өңірі де қызғалдаққа кенде  емес. Көздің жауын  алатын қызғалдақтар да жер таңдайды.

   Ғалымдардың болжауы бойынша осы әсем гүлдің 35 түрі Қазақстанда өседі екен.

   Соның бірі-Голландия елінің абыройын арттырып  жүрген еліміздің «Қызыл кітабына» кірген шренк қызғалдағы. Біздің өңірімізде қызғалдақтың бұл түрінің өсіп-өнетінін білмеймін, алайда жоғарыда аталған 35 гүл түрінің біразы біздің өңірде де өсетіні белгілі. Басқа жерді былай қойғанда таулы өңірдің етектеріндегі қызғалдақтар шоғырын көргенде, көңіліңіз марқайып-ақ қалады. Осындай гүл жаулаған аймақтарды мал табанына таптатпай қорғап,  қорғаштай жүру - әрбір адамзат баласының міндеті болмақ.            Мен   қырмызы  қызғалдақтарға қызығамын.

Алмас Әбдірахимов,

Жамбыл орта мектебінің

 11 сынып оқушысы.

Күнтізбе

« Тамыз 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

booked.net